Оңтүстік мұхит туралы естіп пе едіңіз?

223

0

Шынымды айтсам, бұрын-соңды Оңтүстік мұхит дегенді, жер жүзіндегі су атаулының бар болғаны 2,5 пайыз ғана немесе алты шақырым тереңдіктен төмен зерттелмегені туралы естімеппін. Мүмкін, естімегендер бар шығар деп, әлеуметтік желідегі «Життя Зеленого Світу» тобынан осы мақаланы шамам келгенше аударма жасауға тырыстым.

Жер жүзіндегі су атаулының, соның ішінде алты шақырым тереңдіктен төмен зерттелмеу себебі, мұндай тереңдікте өте қымбат, сирек кездесетін құрылғыларды істен шығаратын 600 атмосфералық қысымның болуынан екен. Одан өзге, тылсым сырларының сыртынан жүргізбейтін жойқын желден пайда болатын мұхиттардың дүлей дауылы мен жағалауға жақындап жиі мазалап тұратын цунами қатері, ұшы-қиыры жоқ алапат айдындарында ойнақ салатын биіктігі отыз метрлік ажал толқындары да мықтымын деген адам затын сыр сандығына әзірше маңайлата қоймапты. Адамзат әлі күнге ғарышты қалай игере алмай жатса, мұхиттың да түбіне тиіп-қашқаны болмаса, шеті-шегі жоқ қазынасына қол жеткізе алмай жатқаны сол екен.

Мұхиттар жер планетасының 70 пайызын жауып жатыр дейді. Өсімдік, жалпы көк атаулы, дем алатын ауамыздың 20 пайызын ғана беріп отырса, жұтатын ауамыздың қалған 80 пайызы үшін мұхиттарға рахмет айта жүруді де ұмытпасақ екен. Мұхит жер бетіндегі миллиардтаған адамның өмір сүру деңгейі мен экономикасының дамуында жанама түрде маңызды рөл атқарады. Мұхит – тіршіліктің тетігі. Ол бізді ауамен, азық-түлікпен қоректен­діреді. Ол климаттық және ауа райы деңгейін қалыпқа келтіріп отырады. Мұхит – біздің планетамыздың биоәртүрлілігінің қайнар көзі.

Жер бетінде мұхиттар саны – бесеу. Тынық, Атлант, Үнді мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхиты және Оңтүстік мұхиты!! Ең үлкені және тереңі – Тынық мұхиты. Ол Еуразия мен Австралия және Оңтүстік пен Солтүстік Америка құрлық­тарының аралығында орналасып жатыр.

Көлемі жағынан екінші Атлант мұхиты – Гренландия мен Исландияның солтүстігін, Европа мен Африканың шығысын, Солтүстік және Оңтүстік Американың батысы мен Ан­тарк­тиданың оңтүстігін алып жатыр.

Үнді мұхиты жер бетінің 20 пайызын су­ландырады. Солтүстігінде Азия жағалауын жуып жатса, батысында Африкамен, шығы­сында Австралиямен, оңтүстігінде Антарк­ти­дамен шектеседі.

Оңтүстік мұхиты – мұхиттар әлеміне енге­ніне бар болғаны ширек ғасыр ғана болған­дықтан, ең жас мұхит болып есептеледі. Ол Ан­тарктида жағалауынан солтүстікке қарай бастау алып, оңтүстік ендіктің 60-шы паралле­лімен шектеседі екен.

Солтүстік Мұзды мұхит – толығымен жер­дің солтүстік жарты шарында, Еуразия мен Солтүстік Американың аралығында орналасқан ең кішкентай мұхит.

Табиғаттағы су айналымы, су алмасу – бұл жердің қатты қабаты мен ауаны ылғалдандырып отыратын әлемдік мұхиттардың пайдалы «сая­хаты» десе де болады. Соның арқасында жер планетасында әр секунд сайын 16 млн тонна әртүрлі жауын-шашын түседі және дәл сол мезетте сол көлемдегі су ауаға қайта оралады екен. Ылғалды бәрінен көп буландыратын әлемдік мұхиттар. Белгілі болғандай, мұхит суы тұзды болғанымен, одан ауаға көтерілетін ылғал тұщы суға айналып жауын-шашынды түзейді. Соның арқасында, мұхит сулары онсыз жер бетіндегі тіршіліктің мағынасы жойылатын, адамзат үшін қажетті тұщы су қорын дайындап шығаратын фабрика қызметін атқарып отырады десек, қателеспеген болар едік.

Португалияның Назар қаласына жақын Атлант мұхитының жағалауында әлемдегі ең үлкен 30-35 метрлік толқындарды көруге болады.

Ә.ӘЛКЕБАЙҰЛЫ