«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында жас ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән берілген. Осы орайда партия бағдарлама аясында өңірде жаңа білім ошақтарының салынуына, мектептердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Партия жанында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөнінде арнайы кеңес құрылып, білім сапасы, балалар денсаулығы, олардың еш кедергісіз білім алуы мен білім алуда барлық мүмкіндіктердің қарастыруы бағытында ауқымды жұмыс істеуде.
Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болып, оқушылардың сапалы білім алуына жасалған жұмыстармен танысып, ұсыныстарын тыңдады.
Білім беру ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына әсер ететін инновациялық технологиялар мен түрлі оқу ресурстарын қамтитын, қолайлы орта қалыптасқан.
2015 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында облыстық білім басқармасымен бірлескен республикада баламасы жоқ «Әдістемелік керуен» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, педагог қызметкерлерге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдістемелік қолдау көрсету, қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби көмек беру.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<