Ортақ бастамалар пысықталды

16

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусинмен кездесті. Кездесуде жоғары сапалы цифрлық қызметтерді ұсыну, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті трансформациялау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда өңірдегі 21 медициналық ұйымда «Жасанды интеллект арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға ар­нал­ған радиологиялық зерт­теу­лерді орта­лықтандыру техно­логия­сын енгізу» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа бюд­жеттен 3 млрд 175 млн теңге бөлінген.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамта­масыз ету бағытында барлық ау­данда талшықты-оптикалық бай­­­ла­ныс желісі арқылы 539 бейне­ба­қылау камерасы мен 49 жыл­дамдық өл­шегіш құрылғы ор­на­тылып, же­дел басқару орта­лық­тары жаң­ғыр­тыл­ды. Осындай жұ­мыс­тар Бай­қоңыр қаласында және Ақай, Төре­там елді мекен­дерінде де жүргізілді.

Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камерасы, 80 «зият­керлік қиылыс» және 96 стацио­нарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылды. Облыстық жедел басқару орта­лығы қайта жаңғыртылып, жасан­ды интеллект функциясы бар бей­неан­алити­калық жүйе енгізілді.

Аталған жүйеге Ішкі істер министрлігі, облыс әкімдігі, облыс­­тық ұлттық қауіпсіздік және поли­­ция департаменттері қосыл­ған. Жобаларды іске асыруға облыс­тық бюджеттен 7 млрд тең­геден астам қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» ком­па­ния­сымен бір­лесіп, қолда­ныстағы бейне­бақылау камера­ларын Ұлт­тық бейне­бақылау жүйе­сіне қосу жос­парлануда.

Кездесуде Бағдат Мусин ортақ бастамаларды жүзеге асыруды жал­ғастыруға ниетті екенін айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі