Отбасы – бақыт мекені

139

0

Елімізде 27 тамыз-10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда мейірімділік пен сүйіспеншілікті арттыру, зорлық-зомбылыққа жол бермеу.

Акция аясында әкімдік, отбасын қолдау орталықтары, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру секілді мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Отбасы – қоғамдағы ең басты құндылық. Полиция қызметкерлері ішкі істер органдары ардагерлері мен қызметкерлерінің отбасыларымен (көпбалалы, отбасылық полицейлер мен әулеттер) тақырыптық кездесу өткізіп келеді.

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты ішкі істер органдарында жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Сондықтан полиция облыс тұрғындарын акцияға белсене қатысуға және бастаманы қолдауға шақырады.

Акцияға байланысты ақпараттар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, газеттерде және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда.

Замира САЙҒОНДЫҚЫЗЫ,

Қызылорда облысы полиция департаменті

жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы