Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев марқұм Шерзат Полаттың отбасына меценаттар тарапынан көмек көрсетілгенін айтты. Сөзінше, алдағы уақытта меценаттар тарапынан тағы баспана алып беруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс басшысы Шерзат Полаттың отбасына көмек мемлекеттік емес ұйымдар арқылы көрсетілгенін атап өтті.
«Аудан әкімдіктері, өзіміздің құрылымдар олармен байланыста. Қазір де меценаттар үй салып беруге дайын. Егер иелері атынан мақұлданып жатса, құрылысты бастаймыз. Әзірге қыс мезгілінде тиісті құжаттарды дайындап алайық деп ұсындық», – деді Сұлтанғазиев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімі Шерзат Полаттың әпкесін елден депортациялауға қатысты пікір білдірген еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<