Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерін марапаттап қызметке дайындығын тексерді

163

0

Фото:

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасарлары Пазылов Нұрмахан Сансызбайұлы және Садыбеков Мақсат Тұрымханұлының қатысуымен жеке құрамның саптық жиыны өткізілді.

Саптық жиын барысында, қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтары табысталды және қызмет атқару кезінде, ҚР ІІО-да мінсіз қызметі үшін 10 және 15-20 жылдық төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында оған жол бермеуге және заң талаптарына сәйкес қызмет атқаруды бұйырды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне қаладағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізілді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы қызметтеріне кірісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала көлемінде шілде айының 19-22 күндер аралығында «Мотокөлік» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сондай-ақ мотокөлік құралын басқару құқығы жоқ азаматтарды анықтау болып табылады.