Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен «Ана Үйі» қоғамдық қоры және дағдарыс орталықтары бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, ҮЕҰ жанынан ашылған «Қамқорлық» дағдарыс орталығында бейімделіп жатқан әйелдер арасында «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес» жыл сайын 25 қарашада өткізілетін «Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні» аталып өтті.
Қазіргі таңда «Қамқорлық» дағдарыс орталығында 16 әйел балаларымен уақытша паналауда. Орталықта бейімделушілерге өтіп жатқан науқанның мақсаты – Әйелдер мен балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталғаны туралы полиция қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<