Полиция күніне арналған концертті тамашалады

146

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күніне арналған концертті тамашалады.

«Заң және тәртіп» апталығы аясында өткен мерекелік іс-шараға құқық қорғау құрылымдарының басшылары, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ азаматтарды құтқару үшін өмірін құрбан еткен полиция қызметкерлерінің жақындары қатысты.

Концертте отандық өнер ше­берлерінің шығармалары ұсынылды. Кәсіби міндетін орындау кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алған реквием көпшіліктің көңілін қозғады. «Жас сақшы» полиция сыныбы оқу­шыларының орындауындағы ән де ерекше жылы әсер қалдырды.