Полиция майоры – көп баланың анасы

1352

0

Әйел адам үшін өмірдегі үлкен жауапкершілік – ана болу. Ал көп баланың анасы болу ерлік. Бүгінгі таңда отбасы мен қызметі қатар алып, бір шаңырақты тұйытыпотырған аяулы жандар бар. Соның бірі, Қызылорда қалалық полиция басқармасының аға анықтаушысы Айнұр Сейітқасымова. Жалпы құқық қорғау органы – темір тәртіпті талап ететін сала. Сондай тәртіпке бағынған полиция майоры нар тұлғалы ер-азаматтармен иық тіресе жүріп, отбасының да тірлігіне үлгеріп жүр.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, Айнұр Данабекқызы әкеснің жолын қуған қайсар қыз. 2004 жылы 3 IT мектеп-лицейін тәмәмдап, Алматы қаласындағы ішкі істер министрлігі академиясының «Тергеу» мамандығы бойынша оқуға түседі. Ал 2008 жылдан бастап туған жерге оралып, қалалық ішкі істер басқармасында қызмет жолын бастайды. Бүгінде адал еңбек пен табандылықтың арқасында «полиция майоры» дәрежесіне жетіп отыр.

Айнұр Данабекқызы отбасылық өмірге 2012 жылы аяқ басып, бүгінде төрт бірдей баланың анасы. Жолдасы екеуі 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.

«Бала тәрбиесінде енемнің көмегі зор. Жұмысқа кеткенде балаларымды әжесіне қалдырып, уайымсыз жүремін. Отбасылық өмірде жолым болған адаммын. Өйткені жанұям менің қызметіме түсіністікпен қарап, әрдайым қолдап отырады. Жолдасым екеуміз балаларға жақсы тәрбие беріп, өз елінің патриоты етіп өсірсек деген мақсатымыз бар», – дейді анықтаушы.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<