Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысының Қызылордада өтуі – Сыр өңірі үшін үлкен абырой ғана емес, аймақтың ел дамуындағы орнына берілген жоғары баға деп айтуға болады. Бұл өңірде соңғы жылдары атқарылған жүйелі жұмыстың, әлеуметтік және инфрақұрылымдық өзгерістердің нақты нәтижесі.
Бүгінгі Құрылтайда Мемлекет басшысы аймақта жүзеге асырылып жатқан бастамаларға оң баға беріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына жоғары сенім білдірді. Президенттің бұл пікірі өңірлік басқарудағы тиімділік пен нақты нәтижелердің мойындалуы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Сыр елінің тұрғындарын еңбекқор, ұйымшыл халық ретінде атап өтті.
«Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады», – деген Мемлекет басшысының пікірі өңірдегі мәдениет пен жауапкершіліктің қалыптасқанын көрсетеді. Әсіресе, Нағи Ілиясов пен Таң ауылдарының бүкіл елге үлгі ретінде айтуы ауылды дамытудағы дұрыс саясаттың айқын дәлелі деуге болады.
Жалпы, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай – аймақтық дамудың жаңа кезеңге аяқ басқанын аңғартатын маңызды саяси оқиға. Бұл жиын Сыр өңірінің әлеуетін елге тағы бір мәрте танытып, алдағы міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.
Балшекер Өтегенова,
Сырдария ауданының құрметті азаматы,
«Құрмет» орденінің иегері





