Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ВТБ банкі басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде қаржы-банк және инвестиция саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Айта кетелік бүгін Президент «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездескен еді.






