Пробация есебіндегі азамат кір сабын шығарып жүр

2267

0

Қызылорда қалалық пробациясының есебіндегі азаматтардың бірі кір сабын шығарып жүр. Бұл туралы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шағын цехта күніне 350-400 кг өнім өндіріледі. Кәсіпкер оны сауда орындарына өткізеді.

Ол кір сабынның дайындалу жолын бізге түсіндіріп берді. Алдымен үлкен қазандыққа табиғи қоспа, оның ішінде май өнімін қосып, араластырып, қайнатып, каучук содасын қосады. Сабын реакция береді. Қоймалжың затты аппаратқа салып, вермишель тәрізді етіп шығарып, 1-2 сағат көлемінде кептіреді. Одан соң арнайы қалыптар арқылы сабынға айналады.

– Дайын болғанда қызып тұрған кезінде мөр басылады. Мен оған «Сыр сабыны» деген атау бердім. Осылайша құрамы жағынан да, сапасы жағынан да Сыр елінің өнімі екенін көрсеткім келді. Сабын сатқаннан түскен қаражатқа шикізат аламын. Кәсіппен айналысып жатқаныма 1 жылға жуықтап қалды, сұраныс көп, – дейді кейіпкеріміз.

СБ ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<