Қайраткерді құттықтады

22

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермаған­бет, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызыл­орда облысының, қаласының және Қазалы ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Шәріповті мерейлі 85 жасқа толуымен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Ел ағаларына құрмет көр­сету – біз­дің парызымыз. Сіз­дер­дің өмірлік өнеге­леріңіз бен тә­жірибелеріңізді кейінгі буын үлгі тұтады. Ақыл-кеңестеріңіз бен ақ бата­ларыңыз арқылы елдің бірлігі мен берекелі тіршілігі үйлесім та­уып келеді. Қатар келген қос ме­рекеңіз құтты болсын! Сізге мық­ты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілейміз! – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы мерейтой ие­сіне дәс­түрге сай шапан жауып, сый-құрмет көр­сетті.

Жарылқасын Шәріпұлы Таш­кент ауыл шар­уашылығын ирри­га­циялау және меха­низа­циялау институтын бітірген, 1963 жыл­­дан Сыр өңірінің өркендеуіне ат­са­лысты. Еңбек жолын өзі туып-өскен Қазалы ауданының Бозкөл ауы­лында машина-трак­тор шеберханасының мең­ге­ру­ші­­­лігінен бас­тап, Энгельс сов­­хо­зының, ау­дандық ауыл ша­руа­­шылығы бас­қармасының бас ин­­женері, совхоз директоры, ау­дан­дық со­­вет­тің атқару комитеті тө­раға­сының орын­басары, облыс­тық агроөнеркәсіп техни­касы бір­­лестігі басшысының орын­ба­са­ры, басшысы сияқты қызмет саты­ларынан өтті.

Кейін Қазалы ауданының, Қы­зылорда қала­сы­ның әкімі болды. Облыстық мәсли­хат депу­таты бо­лып сайланып, мәсли­хат­тың тек­серу комиссиясын басқар­ды. «Еңбек Қызыл ту», «Ха­лықтар досты­ғы», «Құрмет», ІІ дәрежелі «Барыс» орденде­рінің иегері.

Жарылқасын Шәріпұлы көрсе­тілген құр­метке алғыс білдіріп, ақ батасын берді.