«Қайсарда» – жаңа бас бапкер

44

0

ФОТО: KFF

«Қайсар» футбол клубын алдағы жылы қазақстандық Андрей Ферапонтов жаттықтырады. Тәжірибелі маман Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған.

Ол бас бапкер лауазымын «Мақ­таарал» футбол клубын­да бастап, «Оқжетпес» команда­сын­да жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қай­рат», бела­рустік «Рух» командала­ры­ның бапкерлік штабында ең­бек етті. Құрама деңгейінде де тә­жі­рибесі жеткілікті. Бүгінде Қа­зақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарады.

Кейінгі үш жылда қызылор­далық клубта бас бапкер бол­ған Виктор Кумык­овтың келісім­шар­­ты аяқталуына байла­нысты қыз­метінен кетті. Ол қызылор­далық клубта 2023 жылдан бері жұмыс жасап келді. 2023 жылы 6, 2024 жылы 8, 2025 жылы 11-орын алды. Одан бұрын ко­мандада 2003-2004 жылдары да қызмет атқарған еді. Тәжірибелі бапкер «Спартак» Нальчик (Ре­сей), «Елімай» (Қазақстан), «Ма­шал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өз­бек­стан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақ­стан), «Ал­малык» (Өзбек­стан), «Аты­рау» (Қазақстан) командала­рында бас жаттықтырушы болған.

«СБ» ақпарат