Қайырымдылық – қазақ сүйген іс

5

0

Наурызнама онкүндігінде белгіленгендей, алдағы 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Иә, қоғамда әрқашан мейірімділік пен жанашырлық болса, ел ішінде бауырмалдық, туысқандық іргесі сөгілмес. Бұл күні татулық артып, көшпелі ата-бабадан келе жатқан қол ұшын беру үрдісі тағы бір жандана түсетіндей.

Игілікті істі насихаттауға осы күн бекер арнал­мады. Ел ішінде маз­мұнды дәстүрді тереңдете беру қа­йы­рымдылық мәдениетін қалып­тас­тыруға ықпал ете беретіні сөз­сіз. Сондықтан осы күні жомарт жан­дардан бөлек, бүкілхалықтық түрлі қол­дау шаралары ұйымдастырылады. Кәсіпкерлер мен еріктілер қарттар мен балалар үйін, сондай-ақ көпба­лалы отбасыларды құттықтап, дағда­рыс орталықтарына арнайылап ба­рады.

– Жылдағы дәстүрмен тұрмысы төмен отба­сыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек, басқа да қажет­тіліктерін та­­буға көмек көрсетеміз. Қасиетті Ра­мазан айымен қатар келген Нау­рыз мерекесі, оның ішінде Қайы­рым­дылық күні біздің еріктілер қала­дағы оқу орындарымен, мектеп­термен бір­лесіп, жұмыс атқаруда. Аталған ұжымдармен бір­ге қайы­рым­дылық қоржынын жинап, оның алды үлестіріліп те жатыр. Со­ны­мен қатар, жеке кәсіп­керлер бас­та­масымен көп игі жұмыс атқа­ры­луда, – дейді облыстық волон­терлер фронт-офи­сінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов.

Атаулы күні әр ауданда да маз­мұнды шара­лар қолға алынған. Мем­лекеттік мекеме­лердің бас­та­масымен мұқтаждарды қолдау, көмек беру ісі кө­бейді. Айталық, Наурызнама он­күн­дігі қарса­ңында Арал ауданы мем­ле­кеттік мекеме­лері және жер­гілікті мәслихат депутаттары тұрмы­сы төмен, мүмкіндігі шек­теулі жан­дар­ға қайырымдылық көр­сетуден шет қалмады.

– Жыл сайын Әз Наурыз мерекесі қарса­ңын­да «Наурыз шапағаты» қа­йырымдылық шарасы өткізіліп келеді. Осы арқылы халықтың әл­жуаз топтарына, тұрмысы төмен көп­балалы отбасыларға, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерге, жетім және қамқоршысынан айырылған ба­лаларға қайы­рымдылық көмек көр­сетілуде. Азық-түлік себет­терін тарату жұмыстары бас­талып кетті. Сон­дай-ақ есепте тұрған жалғыз­басты 113 қарттың үй ауласы таза­ланып, Көрісу күніне орай қария­лар­ды құттықтау жоспарланып отыр, –  дейді ау­дан­дық жұ­мыспен қамту жә­не әлеуметтік бағ­дарламалар бөлі­мі­нің басшысы Ғалия Тоғысова.

Бұдан басқа, аймақтағы кей­бір білім орда­ла­рында ұжым ауызбір­­лігін арттыру, мейірімділік пен айналасына жанашырлықпен қарау­ға тәр­биелеу мақсатында «Шын жүрек­тен» атты қа­йырымдылық акциясы да ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Қайырымдылық кү­ні Қызыл­орда қаласы мен ау­дан орталығындағы қоғам­дық көлік­тер халыққа тегін қызмет көр­сетеді. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің мәліме­тінше, мұндай ше­шім тұрғын­дарға қолай­лы жағ­дай туғызу үшін ойластырылған.

Ержан ҚОЖАС,

«Сыр бойы»