Қала әкімі жастар орталығында болды

222

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімі Нұржан Ахатов және қалалық мәслихат депутаты Ділмұхамед Абызов «QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығына барып, жұмысымен танысты.

Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және олардың қызметін дамыту үшін қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен мекеме директоры Медет Жорабек кеңінен таныстырып, ұсыныс-тілектерін жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жастармен еркін форматта пікір алмасқан қала әкімі Нұржан Сәбитұлы: «Орталыққа келген жастарды кәсіпкерлікке ынталандырып, жұмысшы мамандықтарды көбірек насихаттау қажет. Біз Сіздерден әрдайым креативті ұсыныс, жаңа идеялар күтеміз. Бастамаларыңызды әрқашан қолдауға дайынбыз», – деді.

Кездесуде қалалық мәслихат депутаты Ділмұхамед Абызов орталық басшысының ұсынысына сәйкес, 30-ға жуық жасты тұрақты жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді. Алдағы уақытта кәсіпкерлерді жұмылдырып, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жүзеге асырыла бермек.

Айта кету керек, «QOSYL» брендімен танылған орталықта 8 маман жұмыс істейді. Жыл басынан бері орталықтың қызметіне 7125 жас жүгінген, 408 іс-шара өткізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<