Қармақшы ауданында әлеуметтік нысандар ашылды

107

0

Фото: облыс әкімдігі

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртайдың қатысуымен Қармақшы ауданындағы №284 мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты жанынан салынған спорт залдың, «Қуаңдария» ауылындағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған фельдшерлік-акушерлік пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірдегі жетістіктерге тоқталды.

“Мереке қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысан іске қосылуда. Жыл мәресінде жаңа ғимараттардың қолданысқа берілуі – атқарылған жұмыстың нәтижесі.

Биыл облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңіріміздің барлық ауданында құны 10 млрд 200 млн теңге болатын 27 медициналық нысан салынуы жоспарланған. Өткен жылы 16 жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қалған 11 нысанның құрылысы аяқталуда.

Білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 9,3 пайызға артты.

«Білімді қолдау қорының» қаржысына Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, 10 млрд 900 млн теңгеге «Инновациялық- шығармашылық орталығы»,
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен құны 4 млрд 800 млн теңге болатын музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Бұл 3 нысан алдағы жылы пайдалануға беріледі.

Қазан айында ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 900 орындық білім ордасы табысталды. Бұл – еліміздегі ұлттық жоба шеңберінде пайдалануға берілген мектептердің алғашқыларының бірі. Бүгінде жалпы 6 000 орынға лайықталған 9 мектеп салынуда.

Әлеуметтік саладағы ауқымды жұмыстар жалғасын табады», – деді Қайрат Нұртай.

Мектеп-интернет жанындағы қосымша ғимаратта ойын залы, мұғалімдерге, ұл-қыздарға арналған бөлек бөлмелер, жуыну, бөлмелері және спорттық құрал-жабдық қоятын қойма бар.

Ал ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы маусым айында басталған. Онда тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге арналған арнайы кабинеттер жабдықталған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<