Халықты тұрмыстық және өзге те техникалармен қамтитын сапалы қызмет көрсету орталығын ашу – ағайынды Балмахановтартың көптен бергі арманы.
Олар мұны 2018 жылдан бастап жоспарлайды. Ол үшін арнайы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарынан кеңес те алады.
«Ғимаратты салмас бұрын жер телімін заңдастыру, мақсатын өзгертуге қатысты кеңесті Палата мамандарынан алдық. Олар жай ғана кеңес беріп қойған жоқ, жобамызды толықтай сүйемелдеді. Бизнес-жоспарды әзірлеп, мемлекеттік бағдарлама аясында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алуға жол сілтеген де – кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері», – дейді ағайындылардың бірі кәсіпкер Шамалхан Балмаханов.
Жер телімі мен бизнес-жоспар, өзге де құжаттарды әзірлеп болғаннан кейін қармақшылық кәсіпкерлер ғимаратты салуды өз қаржыларымен бастап, жетпес қаржыны «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алады.
Осылайша құрылысы 2018 жылы басталған нысан өткен жылы толықтай салынып болады.
«Рас, пандемия жоспарларымызға біраз түзетулер енгізді. Қиындықтар да болды. Соған қарамастан алғашқы жоспарымыздан ауытқымай ғимаратты толықтай іске қостық. Сауда орталығы ашылғаннан кейін 19 адам жұмыспен қамтылып отыр», – дейді кәсіпкер Шамалхан Балмаханов.
Осы жылдың қаңтар айында ашылған жаңа сауда орталығында «TECHNODOM.KZ» тұрмыстық техникалар желісі мен кәсіпкер Алмат Сүлейменовтің «АДИНА» сауда дүкені орналасқан.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<