Қармақшыда Жеңіс күні аталып өтті

255

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Тағзым алаңында өткен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараға қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.

– Қармақшы ауданынан соғысқа аттанған 5000-ға жуық азаматтың 563-і ғана елге аман-сау оралып, 2507-і хабарсыз кетіп, 1025-і соғыстан келмегендердің қатарына енді. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Батыр бабаларымыздың жауынгерлік жолдары, ерлік рухы кейінгі ұрпақтарын, бүгінгі жас Отан қорғаушыларды әрқашан асқақ арман-мұраттар мен ерлікке бастап келеді. Тыл еңбеккерлері де Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан біз әрдайым ардагерлерімізді ардақтап, Отан үшін опат болған ерлердің рухына тағзым етеміз, – деді аудан әкімі.

Одан соң, сұрапыл соғыс жылдарында ерекше ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қармақшы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<