Қаржыгерлер марапатталды

277

0

Фото: Қала әкімдігі

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай қала әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Шарада қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қаржы саласының бірқатар қызметкеріне қала әкімінің «Алғыс хатын» табыстап, мерекелік лебізін білдірді.

– Еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерге қызылордалық қаржы саласы қызметкерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Осы орайда Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз әрдайым табысты бола берсін. Ел игілігі жолында қарышты қадаммен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер, – деді Дархан Есалыұлы.

Айта кету керек, ұлттық валютамыздың айналымға енуі – Қазақстанның экономикалық кеңістігін қалыптастырып, халықаралық аренада танылуына ерекше әсер етті. Күрделі кезеңдерді еңсере отырып, Теңгені енгізу арқылы қаржылық тәуелсіздікке жол ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<