Қаржыгерлер құрмет төрінен көрінді

229

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында 15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мерекелік қабылдау өтті.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов сөз алып, қаржы тайқазанының тұрақты дамуына зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.

– Қандай қоғамда да, қандай мемлекетте де қаржы-экономика саласының алатын орны ерекше. Мемлекеттің мықтылығы, қуаттылығы, экономикалық әлеуетінің жоғары болуы дамыған қаржы жүйесінің болуымен тығыз байланысты. Жүйелі экономика – қуатты мемлекет дейтініміз де сондықтан.

Бүгінгі Ұлттық валюта күні мерейлі мерекесінде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсаған қаржы саласының ардагерлері мен сала мамандарына алғыс білдіремін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Жиын барысында ауданымыздың қаржы саласында еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктері ҚР қаржы министірлігінің және облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталып, құрмет төрінен көрінді.

Сондай-ақ салтанатты шарада Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожатай Құлмахан, сала ардагері, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Болат Тәшімбетов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Айта кету керек, 2014 жылы аудан бюджеті 5 млрд 765,3 млн теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 12 млрд 216,5 млн теңгені құрап отыр.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<