ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2025–2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспары аясында, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ротация туралы бұйрығына сәйкес, 26–31 мамыр аралығында Қазалы көпбейінді ауданаралық ауруханасының мамандары облыстық перинаталдық орталықта тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда.
Іссапар құрамында акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, акушер сынды жетекші мамандар бар. Олар күрделі клиникалық жағдайларды басқару, жаңа хаттамаларды қолдану, заманауи жабдықтармен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинақтауда.
Айта кетейік, Облыстық перинаталдық орталығы — ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі облыс көлеміндегі медициналық ұйымдардың басты ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады.
Осындай кәсіби байланыстар өңірлік медицинаның дамуына серпін беріп, ана мен бала денсаулығын сақтау ісінде ортақ жауапкершілікті арттырады.






