Қазалыда 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

312

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазалы ауданында былтыр жалпы өнімнің көлемі 25,7 млрд теңгені құрап, 100,1 пайызға артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет баяндады.

«Өткен жылы 7276,5 тонна ет, 9916,5 тонна сүт және 961,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осылайша, ет өндірісі 100,4 пайызға, сүт 54,1 пайызға және жұмыртқа өндірісі 95,2 пайызға орындалып отыр. Ауыл шаруашылығы дихандары биыл 17 мың 29 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, егін мерзімінде толық жиналды. Негізгі дақыл күріш 6 мың 200 гектарға егіліп, әр гектардан 40,4 центнерден өнім алынып, 26 мың 95 тонна күріш жиналды» – деді аудан әкімі.

Ал 2025 жылы аудан бойынша 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл 6436 гектар күріш егіледі деп күтілуде. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 236 гектарға артық.