Бүгін Қазалы ауданында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Жайлаудағы ауыл келіні – 2023» атты келіндер байқауы өтті.
«Жеңіс» саябағының ауласында өткен дәстүрлі байқауға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерден қатысқан 8 келін байқаудың 5 шарты бойынша өнер көрсетті. Яғни, олар «Мен қазақпын», «Қамыр жаю», «Ана көрген тон пішер» және «Нан жабу» секілді кезеңдерден өтіп, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, қалған қатысушы келіндерге де түрлі номинациялар үйлестірілді.
Айта кетейік, аталған байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<