Жыл сайын елімізде ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметте, сондай-ақ спорт және басқа да салалар да жоғары жетістіктерге жетіп жүрген жастарға «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады.
Кеше ғана Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды.
Шарада Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің II курс магистранты, Қазақстан Республикасының Президент стипендиясының иегері, қазалылық жас Әліш Бибарыс 2024 жылғы «Классикалық музыка номинациясы» бойынша «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
Мемлекеттік жастар сыйлығын табыстау шарасында Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева «Ұлттың болашағын Сіздер айқындайсыздар. Сондықтан мемлекет басшысы өздеріңізге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады», – деді.
Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанған жерлесімізді жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
Қазалы ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<