Қазан – ізгілік пен құрметтің айы. Дәстүр бойынша елімізде Қарттар айлығы ретінде аталып өтеді. Бұл кезеңде әлеуметтік қолдау шаралары, мәдени кездесулер мен ардагерлерге арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Аға буын – ел тарихының куәгерлері. Оларға қамқорлық көрсету – ұрпақ парызы. Осы игі дәстүр аясында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен үлкендерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.
Құрметке бөленгендер қатарында білім саласының ардагері Төребек Жұмалиев, денсаулық сақтау саласының ардагерлері Амантай Алдамжар, Длара Раимбердиева, қаржы саласының ардагері Жұпаркүл Сматова бар. Денсаулығына байланысты шараға қатыса алмағандардың үйіне арнайы барып, хал-жағдайын сұрады.
Ішкі істер саласының ардагері Төлеш Әлиевті 90 жасқа толған мерейтойымен арнайы барып құттықтады.
Құрмет иелері көрсетілген қамқорлық пен жылы ықыласқа ризашылық білдіріп, ақ батасын берді.
«СБ» ақпарат





