Қазандық қаңтарда іске қосылмақ

62

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалаудағы қуаттылығы 40 мегаваттық автономды блок-модульді қазандықтың құрылыс барысымен танысты.

Қазандық құрылысына 1,9 млрд теңге қаралған. Іске қосыл­ғанда сол жағалауда бой көтерген 55 көпқабатты тұрғын үйді орта­лықтандырылған жылумен қам­та­масыз етеді. Жоба бойынша BURAN BOILER маркалы, қуат­тылығы 10 мегаваттық 4 қазан­дық орнатылған. Қазіргі таңда бас мердігер «Сәт-Сервис» серік­тестігі құрылыс-монтаж жұмыс­тарының 80 пайызын аяқта­ған, нысанды қаңтар айында пай­да­лануға беру жоспарлануда. Со­нымен қатар, «Асар» серіктестігі қазандыққа 500 млн теңгеге инженерлік желілер жеткізді.

Аймақ басшысы мердігер ме­ке­ме иелеріне жұмысты сапа­лы және мерзімінде аяқтауды тап­сырды.