Қожакент ауылындағы спорт кешенінде еңбек ардагері Ергеш Үсеновты еске алуға арналған қазақ күресінен және шағын футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Турнирдің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Семсер Сыздықов, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов қатысып, Ергеш Үсеновтың өңірдің дамуына қосқан үлесі мен артына қалдырған өшпес ізі туралы айтып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Қазақ күресінен Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Шымкент, Кентау, Қызылорда қалалары және аудандардан 12 команда, жалпы саны 160 спортшы қатысуда.
Жаңақорған ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<