Қазақ күресінен тартысты турнир өтті

212

0

Фото: Арал ауданы

Сексеуіл кентінде «Білім беру ісінің үздігі», ұлағатты ұстаз Бөгенбай Құлекенұлы Шанқұловты еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық ашық турнир болып өтті.

Бөгенбай Құлекенұлы – ұлттың білім саласына сіңірген еңбегі мен ұстаздық жолындағы адал қызметі үшін үлкен құрметке ие тұлға. Облыстық турнирдің ашылуында Сексеуіл кентінің әкімі С.Төрешов, Бөгенбай Құлекенұлының әріптесі, ардагер ұстаз Ә.Жалғасұлы және Арал аудандық білім бөлімі басшысының кеңесшісі А.Бөлекбаев сөз алып, марқұммен өткізген жылы естеліктерін еске алып, әріптесінің атында өткізіліп жатқан турнир ұйымдастырушыларына ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ жарыс барысында Бөгенбай Құлекенұлының отбасы атынан Зинеш әже сөз сөйлеп, ішкі тебіренісімен бөлісті.

2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасында болған жарысқа палуандардан құралған 13 команда қатысып, боз кілемде өз бақтарын сынады. Турнирде қатысушылар жоғары деңгейде күресіп, жеңіске деген ұмтылыс пен мықты рух көрсетті.

Тартысқа толы турнир қорытындысы бойынша 23 кг салмақ дәрежесімен жүлделі 1 орынды Қазалы ауданының спортшысы Б.Ахмет, 26 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 1 орынды Сексеуіл кентінің спортшысы Б.Рахметқали, 29 кг салмақпен жүлделі 1 орынды Әйтеке би ауданының спортшысы Б.Алтынбекұлы, 32 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 1 орынды Сексеуіл кентінің спортшысы Б.Әуесхан, 35 кг салмақпен жүлделі 1 орынды Қазалы ауданынан Н.Өмірзақ иеленсе, 38 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 1 орынды Әйтеке би ауданы атынан келген спортшы М.Алпысбай қанжығаға байлады.

Жарыс барысында көрермендер де үлкен қызығушылық танытып, әрбір жекпе-жекке белсене қолдау көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаздар жүлделі орындармен және бағалып сыйлықтармен марапатталды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<