Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жіберді

539

0

Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміз Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Газа секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтты. Қазақстан Үкіметі бөлген қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды», – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ ресми өкілі мәлімдегендей, гуманитарлық қызмет Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты.

«Бейбіт саясат пен әділдік қағидатын ұстанатын Қазақстан әрқашан төтенше жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады», – деп толықтырды А.Смадияров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<