Қазақстан Temu мен Pinduoduo маркетплейстерінен тауардың сапасы үшін жауап беруін талап етпек

127

0

Фото: as-pacific.com

Қазақстандықтар арасында танымал екі маркетплейс сатылатын тауарлардың сапасы үшін заң бойынша жауап беруге міндеттеледі. Сауда министрлігі шетелдік компаниялар Қазақстанда өздерінің ресми өкілдіктерін ашуы керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министр Қайрат Төребаев мәжілісте тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы қарастырылып жатқанын атап өтті.

«Мұның аясында біз бүкіл маркетплейсті нарықта өнімін сататын компаниялармен теңестіріп жатырмыз. Яғни бұл компаниялардың заң бойынша жауапкершілігі пайда болады. Осыған дейін олар бұл маркетплейстің өнімі емес, өндірушінің тауары деп құтылатын. Ал енді біз оларды Қазақстанда филиалын ашып, тіркелуге мәжбүрлейміз. Тұтынушы алдында әрбір өнімі үшін заңға сәйкес жауап беруін талап етеміз», – деді Төребаев үкіметте өткен брифингте.

Егер маркетплейстер ресми түрде Қазақстанда өкілдігін ашпаса, елге салық бойынша қарыз болады. Вице-министр қазір Қазпошта Temu мен Pinduoduo компанияларымен Қазақстанда тіркелу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың жаңа маркетплейсі Temu-ге қарсы бірнеше айып тағылып, қауіпті деп танылды. Бірнеше ел оған тыйым салды. Екі жыл бұрын Temu электронды коммерция нарығына еніп кетті. Ол бірден агрессивті маркетингтік науқанды жүргізе бастады. Барлық әлеуметтік желілер мен платформаларда белсенді түрде жарнамаланды. Сонымен қатар дүкен жаңа тұтынушыларға бонустар, төмен бағада өнімдердің кең ассортиментін және тегін жеткізуді ұсынды. Мұның бәрі тым жақсы көрінді және бір гәп бар сияқты еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<