Қазақстанда жаңа министрлік құрылатын болды

234

0

Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстанда жасанды интеллект және Цифрлық даму министрлігі құрылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орнай бастады. Қазақстан әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы орайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырамын», – деді Президент Қ.Тоқаев. – Жаңа министрлікті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.

Президенттің айтуынша, Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы тиіс.