Қазақстанның Минерагеникалық кодексі әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық геологиялық қызмет төрағасы Ерлан Ғалиев айтты.
– Геология Жер туралы негізгі ғылымдардың бірі ретінде жер қойнауын зерттеу және оны тиімді пайдалану үшін маңызды рөл атқарады. Акционерлік қоғамның ғылыми бағытта алға қойған міндеттерінің қатарында Қазақстанның цифрлық геологиялық картасын жасау, Бейнелеу құралдарының эталондық базасын құру, геология саласындағы шаблондар мен стандарттарды біріздендіру бар, – деді ол.
Оның атап өтуінше, осы шаралардың кейбірі 2025 жылдың бірінші тоқсанында Британдық геологиялық қызметпен бірге жүзеге асыру жоспарланып отыр.
– Сондай-ақ, еліміздің ғылыми-академиялық қоғамдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Минерагеникалық кодексін әзірлеуге кірісеміз. Бұл кен орындарының әртүрлі топтарын анықтауға мүмкіндік береді, олардың таралуы туралы болжам жасаудың ғылыми негізіне айналмақ. Сонымен қатар геодинамикалық негіздегі және палинспастикалық карталарды әзірлеуге баса назар аударудың маңыздылығын атап өткіміз келеді, – деді Ерлан Ғалиев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<