Қиын сәтте қолдау керек

714

0

Әлемді жайлаған індет бүкіл Қазақстанды, оның ішінде Сыр елін де шарпыды. Осындай шақта халық бір жағынан жақсы бастамаларға жұмылып, ұйымшылдығын да көрсетіп келеді. Үлкен де, кіші де игі істерге біркісідей үлес қосып, індетті жеңу жолында күш жұмсауда.

Ел болғасын адамның аласы да, құласы да кездеседі. Кемшілік іздейтіндер табылады. Әлеуметтік желілерде тараған облыс әкімінің Жаңақорғанға сапары кезіндегі бейнекөріністен «әкім неге жаяу жүрмейді?» дегенді естідім. Жұмысы қауырт басшыға бұлай талап қою орынсыз деп есептеймін.

Кез келген басшы күнделікті жұмыс жоспарын құрып, соған сәйкес жұмыс істейді. Аймақ басшысы да билік тізгінін қолға алғалы бері Аралдан бастап Жаңақорғанға дейінгі аралықтағы барлық аудан мен қаланы аралап, эпидемиологиялық ахуалды бағамдап, жұмыс барысымен танысып жүр. Гүлшара Әбді­қалықова – Сыр елінің тумасы. Туған жерге туын тіккен соң адал қызмет ету жолында жанталаса еңбектеніп жүр. Қиын-қыстау сәтте тобықтан шалмай, ол кісіге қолдау білдірсек дұрыс болар еді.

Аймақ ардагерлерінің, өзім­­­нің атымнан жергілікті ха­лықты індетпен күресте ынты­мақтастыққа шақырамын.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<