Қоғам тұрақтылығының кепілі

151

0

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың нәтижелі жұмысы аймақтағы қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтануы мен қылмыстың төмендеуіне әсер еткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокуроры Ризабек Ожаров мәлімдеп, жыл басынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Прокуратура қылмыстық құ­қықбұзушылық профи­лак­тика­сына ерекше назар аударады. Қыл­мысқа бейім, бұрын сотты болғандармен нақты шаралар атқару мақсатында мобильдік топ­тар құрылып жұмыс жасауда, есепке алынған 1500-ден аса адам­ның мекенжайы мен жұмыс орны тексерілді. Нәтижесінде жеке­леген қылмыс түрлері тө­мендеді. Оның ішінде: аса ауыр қылмыс 49, кісі өлтіру 17, тонау 31, қорқытып алу 60, ұрлық 49, жол-көлік оқиғасы 24, зорлау 31 пайыз төмендеді. Сонымен қатар алаяқтық қылмыстардың се­­беп-салдары, оның алдын алу бағытындағы шаралар ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және 2-ші деңгейлі банктер мен микро қаржы ұйымдары өкілдерімен бірге үйлестіру кеңесінде қаралды. 255 жәбірленушінің 269 140 487 теңге несие төлемін іс бойынша процестік шешім қабылданғанша тоқтату туралы ҚПК-нің 200-бабы талабына сәйкес 340 ұсыну енгізілді. Алаяқтық істері бойынша 389 дроппер (алаяқтар ұрлаған ақшаны өзінің банк кар­та­сы арқылы өткізетін адам) анық­талып, 240-на қатысты сот­қа дейінгі шағым түсірілді. Анти­фрод-орталығына күмәнді есеп шот транзакцияларын бұ­ғаттау үшін 454 инцидент бері­ліп, нәтижесінде 432 есеп-шот бұғат­талды, – деді Ризабек Кәрімұлы.

Прокуратураның баста­масы­мен жасанды интеллект мүм­кін­­дігін қылмыстық процесте кеңі­нен пайдалануда «IT TER­GEU», «Смарт-блезік», «Кибер­во­лонтер» және «қыл­мыс­­­сыз өңір» атты іс-шаралар жүр­­­­гізілуде. Соның нәтижесінде жұ­­мыс оң­тайланып, алтын сағат прин­­ципі негізінде «Киберпол» жұ­мысы жандандырылған.  Бұл ин­тернет-алаяқтардың арбауына түскен жәбірленушілердің ары­зын қабылдап, жылдам тергеу әре­кеттерін жүргізуде тиімді. Көп эпизодты алаяқтықпен айна­лыс­қан 3 адамға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолдану са­тысында. Бүгінгі күні алаяқ­­­­тар түрлі айла-амалдарды қол­­­данып, сенімді теріс пайдалану ар­қылы табысқа жетуде. Сон­дықтан жеке деректерді оның ішін­де ЖСН, банк карта нөмірлері және телефоныңызға келген СМС код­тарды ешкімге бермеуді про­курорлар ескертеді.

Сондай-ақ «Смарт-білезік» жо­басы аясында жергілікті бюд­жеттен қосымша 37 млн теңге бөлініп, 200 білезік сатып алы­нуда. Пробация есебіндегі 80 адамға электронды бақылау құ­ралы қолданылып, 8-і жаза өтеу талаптарын бұзуына байланысты түзеу мекемелеріне қайтарылған. Профилактикалық шаралардың арқасында қайта жасалған қылмыс 28%-ға төмендеген.

Облыс прокурорлары 200 мың адамның құқын қорғап, оның ішінде 13 мың адамның құқын қал­­пына келтірген. 3 мыңнан астам кәсіпкердің де құқығы қор­ғалып, оларға тиесілі 1,9 млрд теңге қаржы өндірілген.  Мысалы, Қызылорда облысы бойынша Ба­қылау басқармасы тиісті ак­тісіз құрылыс компаниясының қыз­метіне заңсыз тексеру жүр­гізіп, кәсіпкерді әкімшілік жауап­қа тарт­қан. Алайда құқық қорғау ма­мандарының қабылдаған шара­ла­ры нәтижесінде басқарманың жа­уапты қызметкері соттың қау­­лы­сымен әкімшілік жауап­қа тар­тылды. Осы орайда проку­ратура органдарының сүйемел­деуімен  743 млрд теңгенің 35 инвес­­тициялық жобасы (48 кейс) бойынша кедергілер мен заңсыз­дықтар жойылды.  Мысалы, Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау жобасын жүзеге асырып жатқан «Qazaq Camel» серіктестігінің зауытында электр қуаты жетіспеуіне байланысты толық жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаған. Бұл мәселе аудандық мәслихатта қаралып, қаржы бө­лінді. Қазір 650 квт электр энер­гиясын өндіретін қосалқы станция орнатылды.

Прокуратура органдары құ­қықбұзушылықтың алдын алу ба­ғытында акция өткізіп тұра­ды. Оның аясында 200-ден ас­там білім беру ұйымындағы құ­­­­қықбұзушылыққа бейім 545 оқу­­шы және өз міндеттерін тиі­сін­ше орындамаған 62 ата-ана анықталған. Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 210 баланың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған.

Бас прокуратураның тапсыр­ма­сына сәйкес міндетті әлеу­меттік медициналық сақтан­дыру жүйесінде тексеру жүргізілуде. Медициналық қызмет үшін негізсіз 427 млн теңге мемлекеттік және жеке ұйымдарға аударылғаны анықталды. Бұл қаржыны қайтару үшін қадағалау актілері енгізілді.

Жыл басынан 17 мың жұ­мыс­шының құқығы қорғалып, 629,7 млн теңге жалақы өн­дірілді. «Жастар практикасы» бағ­дар­ла­масының аясында жұмыспен қам­тылған 2360 жұмыскерге 264 млн теңге жалақы қарызы төленді. Бұ­­дан бөлек 58 орта білім беру ұйым­дарының 1479 қызметкері ар­найы киімдер мен жеке қор­ғаныс құралымен қамтылып, конс­титуциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,

«Сыр бойы»