«Қолма-қол ақша ғана қабылдаймыз»: Тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлерге шара көріледі

83

0

Фото: Жалағаш ауданы

Тек қолма-қол ақшамен сауда жасаймыз деп тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлерге шара көріледі. Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

«Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты – электрондық сауда.

Қазіргі таңда қоғамда электрондық сауда, мобильді аударымдар арқылы сауда-саттық жасау өте ыңғайлы құрал болып отыр.

Себебі, интернет-бизнес қаржы мен уақытты үнемдеудің жаңа жолы болып табылады», – деді Ардақ Ибраимов.

Онлайн-сауда саласында satu.kz‎, технодом, kaspi.kz, flip.kz, AliExpress қызметі елімізде күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.

Ауданда «Пошта немесе интернет желісі арқылы тауарларға тапсырыс беру арқылы бөлшек сауда» экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуі бойынша 108 кәсіпкерлік субъектісі кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс жасауда.

Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен кірістер басқармасына бірлесіп кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу қатаң тапсырылды.

Сонымен бірге, тіркелмеген тұлғаларды кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсету бағытында сапалы жұмыс ұсыну қажеттігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<