Қос ауыл үшін жаңа амбулатория салынуда

495

0

Фото: Жалағаш ауданы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов Қаракеткен ауылдық округіндегі жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылыс сапасымен танысты.

Жалпы құны 388,7 млн теңгені құрайтын типтік жобадағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның ел игілігіне берілер күнде алыс емес.

Бұл ретте, шойын жолдың етегінде орналасқан ауыл үшін жаңа дәрігерлік амбулаторияның маңызы жоғары. Құрамында Далдабай елді мекені бар ауылдық округте қос елдің халқы мақсатты пайдаланар нысанның сапалы болуы аудан әкімінің тікелей бақылауында.

Жалағаш ауданы әкімдігі