Осыдан тура он күн бұрын Қостанай облысының Қарынсалды ауылында бір отбасының төрт адамы иіс тиіп қаза болған. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған бала, біреуі – 67 жастағы атасы. Бүгін «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі осы отбасы тұрған үйдің сұмдық фотоларын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 17 қараша күні балалардың анасы сапарда болған. Төрт бала үйде атасы және әкесімен қалған.
«Баспана енді сұмдық, қорқынышты күйде. Балалар да солай – бәрі іш киімсіз, үстеріне ғана киім киген. Сегіз жасар қыз да сол. Жерге төселген кір шүберектердің үстінде жатқан. Қамқорлық органдары қайда қарап отыр? Сіздер қалай тексересіздер? Осы отбасыға бардыңдар ма? Неге біздің балалар осылай өмір сүріп, осылай өледі?», — деп ашынып жазды Дина Таңсәрі желідегі парақшасында.
Сол күні үйде болған төрт баланың біреуі және әкелері аман қалған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<