Қостанай облысының тұрғыны жұрттың көзінше көшеде итті бауыздамақ болған

213

0

Фото: ашық дереккөз

Рудныйда әйел адам иттің пышаққа түскенін көріп, жануарды қорғау үшін дереу полицияға хабарласқан. Ол итке қатыгездік танытқан ер адамның үстінен шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр.

Қостанай облысының тұрғыны жұрттың көзінше көшеде итті бауыздамақ болған
Сурет: polisia.kz

«Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген», – дейді полициядағылар.

Полиция баршаны жануарларға қамқор болып, қатыгездік фактілері туралы өздеріне хабарлауды сұрайды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<