Үкімет отырысында «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев уақытынан кешігіп келетін пойыздардың жолаушыларынан алдын ала кешірім сұрады.
«Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағым көбейіп кетті. Қандай шара қабылдап жатырсыздар?» – деп сұрады Премьер-министр.
«ҚТЖ» басшысы халықтан мұндай кемшіліктерге түсіністікпен қарауды сұрады.
«Бұл мәселе біздің компанияның ерекше бақылауында тұр. Осы жағдай жол жөндеу жұмыстарымен және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын екі есе көбейттік. Жолаушылардан бұған кешіріммен және түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді Нұрлан Сауранбаев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<