Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен 2024 жылы бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. 34 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 19 нұсқама берілді. Оның 16-ы орындалса, біреуі орындалу сатысында. Қалған екеуі сотпен қаралуда. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, тиісті шаралар қаралған, деп хабарлайды Syrboyi.kz. Бұл туралы аймақтың бас ақпарат алаңында облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Марат Мырзабеков мәлімдеді.
– 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 630 өтініш түсіп, оның 85-і қарау реттілігімен басқа органға жолданса, қалған 545-і заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып жауаптар берілген.
Жалпы өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 3056 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 1805-і тізілімге енгізілсе, 1251 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды. Сондай-ақ, 2757 объектіні пайдалануға қабылдау туралы актінің 1338-не оң қорытынды берілсе, 1419 актіге теріс қорытынды берілді. Сол сияқты, 70 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан «Е-Qurylys» жүйесіне 4135 айлық есептері түсіп, оның 2983-і қабылданса, 1152-і ескертпемен қабылданды, – деді Марат Салқадинұлы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<