Қызылордада кешеден бері ақ ұлпа қар жауып жатыр. Фототілші Нұрболат Нұржаубай табиғаттың айшықты көркем көрінісін нысанасынан қалт жібермеді. Әрі қарай суреттер сөйлесін
Шаһарда қар тазалау жұмыстары қарқын алды.
Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимдегі жұмысын кезекшілік кестесіне сәйкес жүргізуде.
Түннен бері қардан тазарту, құм, тұз себу жұмыстарына 45 арнайы техника жұмылдырылды.
Кішкентай қар түйіршіктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қардың 90 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан, ол жерге өте баяу түседі. Сағатына 0,9 шақырым. Ал, жер бетіндегі ең суық мұздың температурасы – 60 градус. Ең жылысы 0 градусқа тең.
Қар судың бетіне түскенде өте жоғары жиіліктегі дыбыс шығарады. Оны адам құлағы ести алмайды, тек балықтар ғана мұндай дыбысты қабылдай алады және олар ол дыбысты жек көреді екен.
1944 жылы 30-шы сәуірде Мәскеуде адам алақанындай үлкен қар жауған. Ал, әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі АҚШ-та 1887 жылы 28-ші қаңтарда тіркелген. Оның ұзындығы – 38 сантиметр, ені – 20 сантиметр.
Қар тек ақ түсті емес, қызғылт түсті де болады. Мұндай қарды тек биік тау бөктерлерінен, полярлы аймақтан ғана кезіктіре аласыз. Қардың бұл түрін көргендердің айтуынша, оның дәмі қарбызға ұқсайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<