Қытайда көпір опырылып түсіп, 11 адам көз жұмды

71

0

Сурет: pixabay

2024 жылы 19 шілдеде Қытайдың солтүстік-батысындағы көпір опырылып түсіп, салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синьхуа газетінің хабарлауынша, оқыс оқиға жұма күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Шэньси провинциясының Чжашуй уезінде болған. Нөсер жаңбырдан кейін көпірдің бір бөлігі опырылып түскен.

«Сенбі күні таңертең өзеннен бес көлік шығарылды, бірақ құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<