Қызғаныш құрбаны: Әйелін сыныптастар кездесуінен кейін атып тастады

298

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Оқиға Қырғызстанда орын алған. Ош облысында қызғаныш трагедияға ұласты. Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелі мектептегі сыныптастар кездесуінен кейін бұрынғы сыныптасынан қызғанып, оған қол көтеріп, соңында оқ атты. Әйел ауруханаға жеткізіліп үлгермей, жолда көз жұмды. Қазір күдікті қамауға алынып, іс бойынша тергеу жүргізілуде, деп жазады barys.media.

Қызғаныш құрбаны: Әйелін сыныптастар кездесуінен кейін атып тастады

– Қызғаныш ешқашан жақсылыққа апармайды. Бір отбасының тас талқаны шықты. Қырғызстандық азамат әйелін мектептегі сыныптастар кездесуінен кейін қызғанып, ұрып-соғып, оқ атқан. 1987 жылы туған әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті изоляторға қамалды. 5 баласы туыстарына тапсырылды, деп жазды dauletten.