Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында ерекше қуанышты жаңалық

248

0

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы өз әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек жылытатын жаңалықпен бөлісті.

2025 жылдың 8 қыркүйегінде жүктіліктің небәрі 25 аптасында салмағы 570 грамм, бойы 30 см болып дүниеге келген шақалақ ұзақ уақыт бойы дәрігерлердің ерекше күтімін қажет етті.

Неонаталды блоктың тәжірибелі мамандары — бөлім меңгерушісі Дәуренбаева Лаура Асқарқызы, неонатолог-дәрігерлер Бекжанова Зәуре Абдуллақызы, Әбіларысова Ақтолқын Бекмағанбетқызы, Ахметова Шынар Дастанқызы және неонаталды қызметкерлер командасы — нәрестенің өмірі үшін жанкешті еңбек етті.

– Білікті емдеу, үздіксіз бақылау және жоғары технологиялық күтімнің нәтижесінде сәби салмағын 2050 граммға жеткізіп, анасымен бірге аман-есен үйіне шығарылды. Бұл – орталық мамандарының кәсіби деңгейін, олардың өз ісіне деген адалдығын тағы бір дәлелдейтін үлкен жеңіс. Жаңа өмірге қадам басқан сәбиге жарқын болашақ тілейміз, – делінген хабарламада.