Қызылорда облысына жаңа бас имам тағайындалды

1046

0

Фото: Ақмешіт-Сырдария мешіті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда облысының бас имамы болып Дастан Құрманбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің имамы қызметін атқарды.

Жаңадан тағайындалған бас имамды Сыр жұртшылығына ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков таныстырды. Діни басқарма өкілі облыстық «Ақмешті-Сырдария» орталық мешітінде «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында жұма уағызын айтып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Бұдан кейін Смайыл Сүйерқұлұлы осы өңірде бес жыл облыс имамы қызметін атқарған Болатбек Ұласқанұлының иығына шапан жауып, дінге, елге еткен еңбегі үшін алғыс білдірді.

Құрманбаев Дастан Жанасұлы – 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі:

2010-2014 жж. жоғары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, исламтану;

2014-2016 жж. магистратура Нұр-Мүбарак ЕИМУ, исламтану;

2018-2021 жж. докторантура Нұр-Мүбарак ЕИМУ, исламтану;

Еңбек жолы:

2015-2016 жж. «Әбу-Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері;

2016-2018 жж. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінің бас имамы;

2018ж. Қызылорда облысының орталық мешіті «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бірінші наиб имамы;

2018-2019 жж. «Әбу-Ханифа» ҒЗО кіші ғылыми қызметкері;

2019-2020 жж. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінің бас имамы;

2020-2023 жж. Қызылорда қаласы «Айтбай»мешітінің бас имамы;

2023 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінің бас имамы;

2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы және Қызылорда қаласы «Ақмешіт-Сырдария» облыстық орталық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Қосымша мәліметтер:

2012 ж. Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Құран жаттату орталығында Құран Кәрімді толық жаттаған.

2017 ж. Нұр-Мүбарак университеті жанындағы «Экстремизмнің адын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау» институтының 40 сағаттық курсын бітірген.

2019 ж. ҚМДБ-ның «Қажылық миссиясы» құрамында Сауд Арабясы Корольдігіне іс-сапарға барған.

2020 ж. ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы құрамына қабылданған.

2020 ж. Докторантура бағдарламасы бойынша Египет Араб Республикасы Каир қаласындағы «Al-Azhar» университетінде, Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы «ISAM» ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибеден өткен.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<