Қызылорда облысында 20 млн теңгеге бағаланған есірткіні тасымалдаған адам ұсталды

104

0

Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер есірткінің аса ірі партиясын тасымалдаған 51 жастағы тұрғынды қолға түсірді.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полиция қызметкерлері «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында бірқатар арнайы жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр.

– Өкілдіктің полиция қызметкерлері «Самара-Шымкент» тасжолының бойында Байқоңыр қаласында жылдамдық режимін бұзған «Хюндай» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталды. Ол айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 19 келі 530 грамм кептірілген марихуана екені нақтыланды. Автокөлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізушіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, есірткі шамамен 20 млн теңгеге бағаланды. Тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полицейлер есірткі притонын жойды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<