Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковигі Бақтияров Нұркен Пралиұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында облыс аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс – шарасының өту барысы және мопедтерді тіркеу бойынша талаптар туралы айтылды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес наурыз айының 17-21 күндері аралығында Қызылорда қаласының Полиция басқармасы және барлық аудандық полиция бөлімдерінің сыртқы сала қызметтерімен облыс көлеміндегі салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық іс – шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында облыс көлемінде барлығы 3 782 әкімшілік істерге қатысты 54 млн 827 мың 388 теңге айыппұл өндірілді.
Оның ішінде Арнайы техникалық құрылғылармен анықталған 1745 әкімшілік істерге қатысты 23 млн 804 мың 328 теңге өндірілді.
Қала, аудандық полиция бөліністерімен салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген 72 автокөлік айып алаңдарына қойылды.
Айыппұлдарды өз еркімен төлеу мерзімі өтуіне байланысты облыс көлемінде 1 млн 521 мың 684 теңгені құрайтын 68 әкімшілік қаулы құқық бұзушылардың жұмыс орындарына жолданды.
Жеке сот орындаушылар палатасына мәжбүрлеп өндірту үшін жолданған 21 млн 469 мың 480 теңгені құрайтын 861 әкімшілік қаулылардың, іс – шара барысында 40 әкімшілік қаулылар бойынша салынған 983 мың теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.
Сонымен қатар, аталған іс шараға патрульдік полиция батальоні және департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен аумақтық жеке сот орындаушылармен бірлескен түрде мобильді топтар құрылып, «Ekin Patrol» мобильді кешендерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, қала аумағында 207 автокөліктің айыппұлдары бар немесе жоқтығы тексеріліп, тексеру барысында 51 автокөлікке қатысты жалпы сомасы 3 млн 533 мың 163 теңге айыппұл өндірілді.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде есепті мерзімде жалпы облыс көлемінде құқық бұзушыларға салынған 767 млн 460 мың теңге айыппұлдардың 573 млн 513 мың теңгесі өндірілді.
Қазіргі таңда облыс көлеміндегі салынған әкімшілік айыппұлдардың толығымен өндірілуі департаменттің Әкімшілік полиция басқармасымен күнделікті бақылауға алынып, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Осы орайда, облыс тұрғындарын көлік құралдарын басқару барысында жол ережелерін бұзбауға және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынған жағдайда дер кезінде қысқартылған негізде төлеуге шақырамыз.
Сонымен қатар, 2024 жылдың қазан айында Президент мопедтерді пайдалану жөнінде жаңа талаптарды белгілейтін заңға қол қойған болатын.
50 км/сағ жылдамдықтан асатын мопедтер ғана тіркеуге жататын болса, енгізілген өзгерістерге сәйкес қазіргі заңнама бойынша яғни, қаңтар айынан бастап барлық мопедтер тіркеліп, мемлекеттік белгі мен тіркеу туралы куәлік берілуде.
Яғни, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын, электр қозғалтқышы бар, жылдамдығы 50 км/сағ жылдамдықтан аспайтын мопедтер де тіркелуде.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі бар азаматтарға техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Мопедтерді тіркеп үлгеру үшін 10 күн ғана уақыт қалды, заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590 – бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделген. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша 185 мопед тіркелді.
Мопедтерді тіркеу үшін, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына:
Жеке басты куәландыратын құжат;
– Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
– Содан соң өтініштер толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек. Төленетін сомма 11 403 тг құрайды.
Осы орайда, Қызылорда облысының Полиция департаменті мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес береді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<