Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізушілер ұсталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Оқиға Самара – Шымкент М-32 тасжолында болған. ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері тас жолда жылдамдық режимін бұзған Hyundai автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат табылған. Сараптама нәтижесінде оның кептірілген марихуана екені анықталды. Салмағы — 19 кг 530 гр. Оның бағасы шамамен 20 миллион теңгені құрайды.
Көлік иесі — Байқоңыр қаласының тұрғыны. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<