Қызылорда облысында келінін балағаттаған ене 10 тәулікке қамалды

363

0

фото: Halyq Uni

Ол бұған дейін осыған ұқсас әрекеті үшін жазаға тартылса да құқықбұзушылықты қайталап отыр.

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел жазаланды. Оған бірнеше тәулікке қамауға алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта Б. есімді әйелдің үйіне сырттан мас болып барып, адамдарды сыйламай, келініне балағат сөздер айтып, отбасының шырқын бұзғаны анықталды. Ол бұған дейін 2024 жылы 11 сәуірде осыған ұқсас әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да одан еш нәтиже шығармай, құқықбұзушылықты қайталап отыр. 

Сотта жәбірленуші Ә. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын атап көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

Б.-ның құқықбұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, аудандық ПБ-ның ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б.-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленді, – делінген Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<